₽  5,28
€  543,11
517,84
М. Баймуханова 45а 060000 Атырау Атырауская область Казахстан

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • Поделиться:

  Бұл күн - тағзым күні

«Құрметті отандастар! Сіздерді ел тарихындағы қастерлі де ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, тұтас әлем егеменді Қазақстанды ресми түрде алғаш мойындап, азат ел, дербес мемлекетіміздің берік негізі қаланған айрықша күн.

Бұл күн – азаттық алуға зор үлес қосқан ұлт қайраткерлерін ұлықтап, сол жолда өмірлерін құрбан еткен батырларымыздың рухына тәу етер тағзым күні.

Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау – әрбір азаматтың қасиетті парызы.

Осынау ұлық мерекеде отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Ел іргесі берік, көк туымыз әрқашан биік болғай!»

Добавить комментарий
Запрещается использовать нецензурную лексику, а также нарушать законы Республики Казахстан, защищающие честь и достоинство граждан РК. Запрещается использовать фейки и разжигать межрелигиозную, межрасовую и межнациональную ненависть и рознь!

  • Поделиться:
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
М. Баймуханова 45а 060000 Атырау Атырауская область Казахстан

Фотогалерея